352.90 417.80 5.31
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Синоптиктер ауа райына байланысты ескерту жариялады

  • 266
Синоптиктер ауа райына байланысты ескерту жариялады Pavlodarnews.kz

30 шілдеде Солтүстік Қазақстан облысы бойынша күндіз кей жерлерде қатты жаңбыр күтіледі. Кей жерлерде найзағай, дауыл, күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің кей жерлерде екпіні 15-20 м/с, күндіз екпіні 25 м/с күтіледі.

30 шілдеде Петропавл қаласында найзағай, дауыл, күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95%.

30-31 шілдеде Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл болады, бұршақ жауады, солтүстік-шығыстан жел соғады күші 15-20 м/с, күндіз 30 шілдеде екпіні 25 м/с. Түнде және таңертең кей жерлерінде тұман күтіледі. 31 шілдеде түнде кей жерлерде қатты жаңбыр күтіледі.

30-31 шілдеде Астана қаласында найзағай болады, бұршақ жауады, солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Дауылды ескертудің ықтималдылығы 80-85%.

Қызылорда облысының кей жерлерінде солтүстік-шығыстан 15-20 м/с жел соғып, шаңды дауыл сақталады.

Хабар 24 телеарнасы