369.36 436.00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

4-6 тамызға арналған ауа райы болжамы

  • 245
4-6 тамызға арналған ауа райы болжамы w-dog.ru

4-6 тамызға арналған ауа райы болжамымен бөліскен отандық метеорологтар жаздың ыстық күндері тек оңтүстікте ғана емес дейді.

Алдағы демалыс күндерінде синоптиктер еліміздің басым бөлігінде күн ыстық болады деп болжап отыр. Тек кей жерлерде күн күркіреп, өткінші жаңбыр жаууы ықтимал, сондай-ақ солтүстікте екпінді жел соғады деп күтіледі.

Температураның негізгі фоны +25, +30, оңтүстікте және батыста +33, +38 градус. Қазақстанның солтүстік және солтүстік-батыс облыстарында жылудың кезекті толқыны күтіледі, ал 5 тамыздан бастап температура +25, +32 градусқа дейін көтеріледі, деп хабарлайды Қазгидромет.

Хабар 24 телеарнасы