361.94 431.00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қостанай облысында қауіпті дәрілер кері қайтарылып жатыр

  • 131

Қостанайдағы фармацевтикалық компаниялардан «Вазар» және «Нортиван» деген дәрілердің төрт мыңнан астам қорабы тәркіленіп, карантинге жіберілді.

Бұл препараттар коммерциялық желі бойынша сатылуға тиісті еді. Сондай-ақ оның бір бөлігі тұрғындарға дәріханалар арқылы тегін берілген. Бұл дәрілер қан қысымы жоғары адамдарға арналған. Енді ол препараттарды жою үшін дәріханаларға қайтаруды сұрап отыр. Ал артериялық  гипертониямен ауыратындарға емдеуші дәрігердің көмегіне жүгініп, басқа дәрі алуға кеңес береді. 

Естеріңізе салайық,  құрамында валсартан бар дәрілер ішкі нарықтағы саудадан алынып тасталды. Себебі белгілі бір бөлігінен қауіпті қоспа табылған. Ол қатерлі ісіктің пайда болуына әкеліп соғуы мүмкін.

Абат Жауков, облыстық Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары:

- Денсаулық сақтау министрлігі жағдайдың алдын алып, сырқаттарға көмек көрсетудің ұсынысын дайындап жатыр. Ол уытсыздандыру бағдарламасы болуы мүмкін. Бұл дәрінің канцерогенді препарат екендігін ескере отырып, қосымша медициналық бақылау күшейтілетін болады. Әзірге осы препараттан жағымсыз әсер алып, денсаулығына бір нұқсан келгендер анықталған жоқ.

Хабар 24 телеарнасы