352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Еліміздің бірқатар өңірінде дабылды ескерту жарияланды

  • 116
Еліміздің бірқатар өңірінде дабылды ескерту жарияланды TagilCity

Қызылорда облысында 10-11 тамызда дауыл, бұршақ, солтүстік, солтүстік-шығыстан 15-20, екпіні 25 м/с жел күтіледі.

10-12 тамызда Қызылорда облысының кей жерлерінде найзағай;

10 тамыз күндіз Қызылорда облысының басым бөлігінде 42°С қатты ыстық сақталады.

Дабылды ескертудің ықтималдылығы – 95-100%.

Күндіз 10 тамызда Шығыс Қазақстан облысында 30-35 градус ыстық күтіледі, кей жерлерде найзағай, оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.

10 тамызда Солтүстік Қазақстан облысы бойынша солтүстік-батыстан соғатын желдің күші кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі. Күндіз кей жерлерде қатты жаңбыр жауады. Кей жерлерде найзағай, дауыл болады. Күндіз кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін.

Петропавл қ: 10 тамызда солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с күтіледі. Найзағай, дауыл болады. Күндіз бұршақ жаууы мүмкін.

Дауылды ескертудің ықтималдығы – 90-95%.

Ақпарат көзі: Қазгидромет

Хабар 24 телеарнасы