363.61 436.00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елордада құрбандық шалу орындары анықталды

  • 399
Елордада құрбандық шалу орындары анықталды Азаттық радиосы

Құрбан айт – Рамазан айынан соң 70 күннен кейін атап өтілетін, қажылық сапарының аяқталу мейрамы.

Әлемнің барша мұсылмандары Құрбан айт мейрамын жыл сайын атап өтеді, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Құрбан айт мейрамын атап өту осы жылдың 21 тамызы күні елорданың барлық 9 мешітінде мерекелік «Айт намазынан» (басталуы: сағат 7:00) бастау алады. 23 тамызға дейін елордада құрбандық шалу ұйымдастырылады. Қазіргі таңда Астана қаласында негізгі құрбандық шалу орындары бекітілді:

Алматы ауданы: «Метро» СҮ (Астана-Қарағанды т/ж)

Байқоңыр ауданы: «Нұрбереке-555» ЖШС, Алаш шоссесі, 30 («Көк Базар» базарының арты), «Есжанова А» ЖК, «Жайлау», Алаш шоссесі, Ц 313 көшесі, «Шаушен» ШҚ, «Астана-Павлодар» т/ж, 9 км, «Темеш» ШҚ, Астана – Софиевка т/ж 7 км.

Сарыарқа ауданы: «Ұлжан» әмбебап базары, (бұрынғы «Саянұр» базары)

Есіл ауданы: «Алтын-Таға» базары, Қосшы кентінің маңы

Сонымен қатар Құрбан айт мерекесін атап өту күндері халыққа құрбандық шалу және тағы басқа өзекті мәселелер бойынша ақпараттандыру үшін тәулік бойы «2288» Call-center жұмыс істейді.

Хабар 24 телеарнасы