352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Астанада жаңбыр жауып, жел тұрады

  • 114
Астанада жаңбыр жауып, жел тұрады Yvision.kz

«Қазгидромет» РМК хабарлауынша, алдағы үш күнде елордада мол жауын жауып, қатты жел тұрады, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты. 

20 тамыз күні көшпелі бұлт шығып, өтпелі жауын жауып, күн күркіреп, күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Жел солтүстік-шығыстан, солтүстіктен 5-10, кей жерлерде желдің екпіні – 14 м/с. Ауа температурасы түнде – +14+16°С, күндіз – +23+25°С.

21 тамыз күні көшпелі бұлт шығып, жауын жауады, кей жерлерде қатты жаңбыр, бұршақ жаууы мүмкін. Жел солтүстіктен – 9-14, екпіні – 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде – +10+12°С, күндіз – +13+15°С.

Ал 22 тамыз күні көшпелі бұлт шығады, жауын, бұршақ жаууы мүмкін. Жел солтүстіктен 9-14, екпіні – 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде – +10+12°С, күндіз – +17+19°С.

Хабар 24 телеарнасы