352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазгидромет: Еліміздің солтүстігінде жаңбырлы күндер жалғасады

  • 157
Қазгидромет: Еліміздің солтүстігінде жаңбырлы күндер жалғасады K1NEWS

Отандық метеорологтардың болжамынша алдағы тәуліктерде Қазақстанның солтүстік бөлігіне Жаңа Жер аймағынан суық ауа массалары түсетін болады.

Сондықтан күзгі, бұлтты, жаңбырлы ауа райы сақталады. 24-25 тамызда солтүстік облыстарда қатты жаңбыр жауып, екпінді жел соғады. Ауа температурасы түнде +5, +13 градусқа дейін, күндіз +10, +18 градус жылы болады деп күтіледі.

Тек еліміздің оңтүстік өңірлерінде жауын-шашынсыз жылы ауа райы сақталады.

Хабар 24 телеарнасы