361.94 431.00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы жаңбырлы болады

  • 217
Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы жаңбырлы болады Sputniknews.kz.

Алдағы үш тәулікте еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын болып, найзағай ойнауы мүмкін.

Солтүстік және орталық облыстарда ауа температурасы климаттық нормадан төмен күйінде сақталады. Шығыс пен оңтүстік облыстарда да жағдай осыған ұқсас. Тек еліміздің батысында күн ысып, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. 

Зайна Сағындықова, «Қазгидромет» РМК жетекші-инженер:

- Астана қаласында 28-29 тамызда көшпелі бұлтты, кей уақытта жаңбыр жауады, найзағай күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соққан желдің екпіні 5-10, 15 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 8-10 жылы болады. Күндіз 16-18 градус жылы. 30 тамызда Астана қаласында жауын-шашыншыз ауа райы күтіледі.

Хабар 24 телеарнасы