369.36 436.00 5.46

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстандықтарды демалыс күндері қандай ауа райы күтіп тұр

  • 93
Қазақстандықтарды демалыс күндері қандай ауа райы күтіп тұр

Күнтізбелік жаз аяқталуда, қазақстандықтар оны тамыздың соңғы күндері сезінеді.

Болжамды кезеңде Қазақстан аумағы арқылы Батыс Сібірдің солтүстік аудандарынан суық атмосфералық фронттар жылжитын болады, оның артынан суық және көлемді антициклон тарала бастайды. Сондықтан республиканың көптеген облыстарында 30 және 31 тамызда жаңбыр, шығыста және оңтүстік-шығыстың таулы аудандарының кей жерлерінде қатты жаңбыр жаууы мүмкін.

Антициклонның таралу шамасына қарай жаңбыр тоқтайды, ал температура төмендейді: солтүстік, орталық және шығыс облыстарда күндізгі температура плюс 15-23°-тан 8-15°С-дейін, ал түнде 2-7°-қа дейін, оңтүстік-шығыста күндіз 18-25°С-қа дейін төмендейді. Тек батыс және оңтүстік облыстарда күндізгі температура 27°-тан 34°С-қа дейін жазғы жылы және жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Хабар 24 телеарнасы