359.76 423.70 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Демалыс күндері қазақстандықтарды қандай ауа райы күтіп тұр?

  • 296
Демалыс күндері қазақстандықтарды қандай ауа райы күтіп тұр? samru.ru

Антициклонның ықпалымен батыс және оңтүстік облыстарда жаздағыдай жылы және жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Ал Қазақстанның қалған аумағындағы ауа райына Батыс Сібір аудандарынан жылжитын суық атмосфералық фронттар ықпал ететін болады. Сондықтан солтүстік, орталық және шығыс облыстарында алдағы үш тәулікте күздегідей салқын, жауын-шашынды ауа райы күтіледі және ауа температурасы осы кезеңге климаттық нормадан 2-4°С төмен болады.

Хабар 24 телеарнасы