369.36 436.00 5.46

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Назарбаев әуежайында түске дейінгі рейстердің уақыты кейінге шегерілді

  • 434
Назарбаев әуежайында түске дейінгі рейстердің уақыты кейінге шегерілді Astana.gov.kz

Жоспарлы жөндеу жұмыстарына байланысты Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының ұшып–қону жолағы 2018 жылғы 10 қыкүйектен 21 қыркүйекке дейінгі аралықта күндізгі уақытта жабық болады.

Жөндеу жұмыстары жергілікті уақыт бойынша сағат 09:00-дан 13:00-ге дейін жүргізіледі. Нәтижесінде әуежайдан түске дейін ұшып келетін және ұшатын барлық әуе бағыттары шегірледі. Бұл туралы Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының баспасөз қызметі хабарлады.

Әуе бағыттарының уақыты өзгертілгені туралы ақпаратты билет сатып алған әуе компанияларынан және тәулік бойы жұмыс істейтін әуежайдың анықтама қызметінен мына нөмір бойынша +7 (7172) 702 999 біле аласыздар.

Айта кеткен жөн, аталған уақыт аралығында тек ұшып-қону қонағы ғана жабылады, әуежай терминалдары штатты түрде жұмыс жасайды.

 

 

Хабар 24 телеарнасы