Алматы және Қарағанды облысында ауа температурасы 37 градусқа дейін төмендейді

Алматы және Қарағанды облысында ауа температурасы 37 градусқа дейін төмендейді

Еліміздің бірқатар өңірін әлі де болса сақылдаған сары аяз қыспаққа алады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әсіресе, Алматы, Қарағанды облысында түнде ауа температурасы 37 градусқа дейін төмендейді. Осыған орай, төтенше жағдайлар басқармасының мамандары халыққа алыс жолға шықпай, үйде отыруға кеңес береді. Сонымен қатар Түркістан, Атырау, Алматы, Жамбыл, Павлодар, Батыс және Шығыс Қазақстанда қалың тұман түседі. Атырауда көктайғақ болады.