Ескерту: Бірнеше өңірді тұман басады

Ескерту: Бірнеше өңірді тұман басады
фото: lenta.ru

Бүгін еліміздің басым бөлігі тұман құрсауында болады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осы себепті мамандар көлік жүргізушілеріне жолда абай болып, алыс сапарға шықпауды ескертеді. Бұған қоса, батыс аймақтарда бұрқасын көтеріліп, көшелерге көк мұз қатады. 

Ал Қарағанды, Қостанай, Ақмола, Павлодар және Солтүстік Қазақстанда жел тұрады. «Кей жерлерде оның күші 20 метр секунд шамасына жетеді», - дейді синоптиктер.