Ауа райына байланысты бірнеше өңірде ескерту жарияланды

Ауа райына байланысты бірнеше өңірде ескерту жарияланды

Қазақстанның бірнеше облысында ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлады Қазгидромет.

12 қаңтарда түнде және таңертең Қызылорда облысының кей жерлерінде 15-20 м/с жел болады.

12 қаңтарда Қостанай облысының кей жерлерінде тұман, боран болады. Солтүстіктен жел соғады, кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.

Нұр-Сұлтан қаласында 12 қаңтарда қар жауады, жаяу бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, таңертең және күндіз екпіні – 15-20 м/с.

12 қаңтар Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түседі. Орал қаласында 12 қаңтарда тұман болады.

12 қаңтарда Ақмола облысының басым бөлігінде қар жауады. Кей жерлерінде бұрқасын, тұман болады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күші кей жерлерде 15-20, екпіні – 25 м/с. Көкшетау қаласында 12 қаңтарда жаяу бұрқасын, тұман болады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде және таңертең екпіні – 15 м/с.

12 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын болады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, кей жерлерде 15-20, түнде екпіні – 25 м/с.

Павлодар облысында қар жауады, бұрқасын болады. Желдің екпіні – 15-20 м/с

12 қаңтарда Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман, бұрқасын болады. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, кей жерлерінде 15-20, екпіні – 23-28 м/с. Қарағанда қаласында 12 қаңтарда бұрқасын болады. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, күндіз екпіні – 15-20 м/с.

12 қаңтарда Солтүстік Қазақстан облысында қар жауады. Кей жерлерде бұрқасын болады. Шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с. Петропавл қаласында бұрқасын болады. Шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20, күндіз екпіні – 23-28 м/с.