Жексенбі күні елордада қоғамдық көліктер жүрмейді

Жексенбі, 17 қаңтар күні елордада қала ішінде және қала маңына қатынайтын автобустардың қозғалысы бір күнге тоқтатылады.

Дезинфекциялық жұмыстар жүргізіледі, деп хабарлады City Transportation Systems баспасөз қызметі.

Айта кетсек, автобустарда маска тағу режимін сақтау қажет. Жол ақысы тек қолма-қол ақшасыз төленеді.