Зейнетақы жинақтарын енді SMS арқылы тексеруге болады
БЖЗҚ тұрғын үй жағдайларын жақсартуға, емделуге ақы төлеу, сондай-ақ жеке басқарушы компанияларға инвестициялық басқаруға беру үшін қолжетімді зейнетақы жинақтары туралы ақпарат алуға болатын жаңа қосымша сервисті іске қосты.
Ол үшін cabinet.enpf.kz/porog порталына өтіп, mGov мобильді азаматтар базасында тіркелген ұялы телефон нөміріне SMS арқылы келіп түсетін бірреттік пароль арқылы кіру қажет.
Бір реттік пароль арқылы кіру үшін бірнеше қадам жасау керек:
- өзіңіздің ЖСН және ұялы телефон нөміріңізді енгізіңіз;
- дербес деректеріңізді жинауға және өңдеуге өз келісіміңізді беріңіз;
- «Кодты жіберу» батырмасын басыңыз;
- алынған алты таңбалы кодты ұялы телефоннан енгізіңіз.
«Бұл қосымша сервис салымшылар үшін өте ыңғайлы, себебі ол жеткіліктілік шегін ЭЦҚ-сыз және БЖЗҚ бөлімшелеріне бармай-ақ білуге мүмкіндік береді. Жаңа сервис мемлекеттік органдар айқындайтын ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі талаптарға толық сәйкес келеді», - делінген БЖЗҚ баспасөз хабарламасында.
БЖЗҚ зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын алу талаптарын жариялады
Зейнетақы жинағындағы «жеткілікті шегін» қалай тексеруге болады?