Коронавирус қайта жұғуы мүмкін

Коронавирус қайта жұғуы мүмкін

Адам ағзасында антиденелер болса да, бұл коронавирусты қайта жұқтырудан сақтап қалмайды, деп хабарлайды «Хабар 24»

Қытай ғалымдары осындай пікірге келді. Олар бақылауда болған 273 адамның қайта осы дертке шалдыққанын анықтады. Ғалымдардың мәліметінше, екінші рет олар генетикалық құрылымы өзгерген вирустың өзге түрін жұқтырған. Бірінші рет жазылып шыққаннан кейін 19 бен 57 күн аралағында осы дертке қайта душар болыпты және екінші рет сырқат бұрынғыдан ауыр өтуі мүмкін.