Атырау облысында көктайғақ пен боран көлік қозғалысын қиындатты

Атырау облысында көктайғақ пен боран көлік қозғалысын қиындатты

Атырау облысында да қарлы боранға байланысты өңірдегі республикалық және облыстық маңызы бар жолдарда көлік қозғалысына тыйым салынған еді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бүгін таңмен «Атырау – Доссор», «Атырау – Индер», «Атырау – Сағыз», «Атырау – Астрахань» тас жолдары қайта ашылды. Десе де, жолдардағы көктайғақ көлік қозғалысына едәуір қиындық тудырып отыр. Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындардан сақтық шараларын қатаң сақтауды сұрайды. Жауаптылар жүргізушілерге барынша алыс сапарға шықпау керек екенін ескертіп отыр.