Ел бойынша 140 адам қар құрсауынан құтқарылды

Ауа райының қолайсыздығына байланысты еліміздің 10 өңірінде республикалық маңыздағы 41, облыстық маңыздағы 75 жол учаскесі жабылды.

Төтенше жағдайлар министрлігінің дағдарыс орталығында бірқатар мекеме мен министрлік өкілдерінен арнайы штаб құрылды. Қиын жағдайға тап болғандарға көмек беру үшін 473 жылыту бекеті дайындалды. Қазір оларда 50-ден астам жолаушы орналастырылды.

Төтенше жағдайлар министрлігінің өңірлік бөлімшелері 17 автокөлік пен 140 адамды қар құрсауынан шығарып, 157 адамды эвакуациялады. Жедел әрекет ету үшін жауапты органдардан мың 22 адам және 622 техника жұмылды. Мамандар аса қажеттілік болмаса алыс жолға шықпауға немесе пойызбен қатынауға кеңес береді.