Синоптиктер: Еліміздің бірқатар аймағында қар аралас жаңбыр жауады

Бүгін еліміздің бірқатар аймағында қар аралас жаңбыр жауып, көктайғақ болады.

Атап айтқанда, Жамбыл облысында жауыннан кейін жел күшейіп, оның жылдамдығы 15-20 метрге, кей жерлерде 23 метрге дейін жетеді. Осыған ұқсас жағдай Солтүстік Қазақстан облысында да байқалады. Тұман басып, жолдағы қозғалыс қиындауы мүмкін. «Түркістанның таулы бөліктерінде де қар аралас жаңбыр жауады», - дейді синоптиктер. Ал, Атырау, Ақмола, Қызылорда, Қостанай, Маңғыстау, Шығыс және Батыс Қазақстан облыстарында женлдің екпіні секундына 15-20 метрді құрайды. Осыған байланысты аталған аймақтарға дауылды ескерту жарияланды. 

Сондай-ақ...