Тұман мен көктайғақ: ауа райы туралы ескерту жасалды

Тұман мен көктайғақ: ауа райы туралы ескерту жасалды

Елордада бүгін ақ түтек қар борады. Көлік қатынасына қиындық туғызды.

Ауа райын болжаушылар бірнеше өңірлерде дауылды ескерту жариялады.

Атап айтсақ, Атырау, Ақтөбе, Жамбыл, Маңғыстау және Солтүстік Қазақстан облыстарына күн бұзылады. Ақмола мен Қарағанды өңірінде жауын-шашын болуы ықтимал. Павлодарда тұман, көктайғақ болады. Жел екпіні де күшейеді. Қызылорда облысында да жол тайғақ. Түркістанда найзағай ойнайды. Мұнда желдің жылдамдығы секундына 28 метрге жетуі мүмкін.