Еліміздің басым бөлігінде күн райы құбылмалы болады

Еліміздің басым бөлігінде күн райы құбылмалы болады

Кей жерлерде жауын жауып, арты қарға ұласады.

Атап айтсақ, Ақмола облысында тұман түсіп, көктайғақ болады. Түнде және таңертең секуындына 20 метр жылдамдықпен жел соғады. Түркістан, Жамбыл, Алматы, Қостанай, Қарағанды, Солтүстік және Шығыс Қазақстанда осыған ұқсас. Ал Павлодар облысында жаяу бұрқасын көтеріліп, түнде жел екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Еліміздің батыс бөлігін қалың тұман бүркейді. Ал Қызылордада көктайғақ болуы ықтимал.