Еліміздің басым бөлігінде қар аралас жауын жауады

Еліміздің басым бөлігінде қар аралас жауын жауады

Кей аймақтарда тұман түсіп, көктайғақ сақталады.

Әсіресе Қостанай, Жамбыл, Солтүстік Қазақстанда күн райы осындай. Маңғыстауда шаңды дауыл көтерілсе, Ақмола, Атырау, Павлодар облыстарында жел екпіні секундына 22 метрге дейін жетеді. Алматы, Қарағанды, Батыс және Шығыс Қазақстанда таңертең және түнде қалың тұман түсуі мүмкін.