Қазақстанның басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Қазақстанның басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Еліміздің басым бөлігінде бүгін күн райына байланысты дауылды ескерту жарияланды.

Атап айтсақ, Маңғыстау, Атырау, Қызылорда, Түркістан облыстарында шаңды дауыл соғады. Сондай-ақ Қазгидромет мамандарының болжамынша,Түркістан облысының кей жерінде бұршақ жауып, найзағай ойнайды. Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды облыстарында екпінді жел тұрып, ал Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында тұман түсуі мүмкін дейді синоптиктер.