Қазақстаннан Абу-Дабиге жаңа екі рейс ашылды

Қазақстаннан Абу-Дабиге жаңа екі рейс ашылды

Жаңа халықаралық рейстер ашылады, деп хабарлады ИИДМ баспасөз қызметі.

16 мамырдан бастап «Wizz Air Abu Dhabi» әуе компаниясы Нұр-Сұлтан – Абу-Даби бағытында аптасына 2 рейс орындай бастайды.

Ал 22 мамырдан бастап Алматы – Абу-Даби бағытында аптасына 2 рейспен ұшады.

Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылғы 14 наурызда ҚР ИИДМ «Wizz Air Abu Dhabi» әуе компаниясымен келісімге қол қойды. Осы келісімге сәйкес тасымалдаушы жаңа рейстерді орындауға кіріседі.