Қазақстанның басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Қазақстанның басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Turkystan.kz

Күндіз 9-10 шілдеде Алматы облысының оңтүстігінде 42 градус ыстық сақталады, төтенше өрт қаупі сақталады.

8 шілдеде таңертең және күндіз Түркістан облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, шаңды дауыл, оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20, екпіні 25 м/с.

8-9 шілдеде күндіз облыстың басым бөлігінде 40-42 градус ыстық, шөлді аудандарда 45 градус ыстық сақталады.

Кей жерлерде төтенше өрт қаупі сақталады.

Түркістан қ.: 8 шілдеде күндіз оңтүстік-батыстан 15-20, екпіні 25 м/с желдің күшеюі күтіледі, 40-42 градус қатты ыстық сақталады.

Шымкент қ.: 8 шілдеде күндіз оңтүстік-батыстан 15-20 м/с желдің күшеюі күтіледі, 40-42 градус ыстық сақталады.

Атырау облысының кей жерлерінде найзағай, шаңды дауыл, солтүстік-батыстан соғатын жел 15-20 м/с күтіледі.

Атырау қ.: солтүстік-батыстан соғатын жел екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Маңғыстау облысының кей жерлерінде найзағай, шаңды дауыл күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі. Кей жерлерде жоғары өрт қаупі сақталады.

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде қатты жаңбыр күтіледі. Кей жерлерінде найзағай, дауыл, бұршақ жаууы мүмкін. Жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, кей жерлерде 15-20 м/с.

Орал қ.: найзағай, бұршақ күтіледі. Жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, күндіз екпіні 18 м/с.

Қызылорда облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші түнде кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз 15-20, кей жерлерде 25 м/с күтіледі. Күндіз 42 градус ыстық, жоғары өрт қаупі сақталады.

Қызылорда қ.: 8 шілдеде таңертең және күндіз найзағай, дауыл, шаңды дауыл күтіледі. Батыстан жел соғады, 15-20 м/с күтіледі. Күндіз 42 градус ыстық сақталады.

Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай, бұршақ, шаңды дауыл күтіледі. Шығыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20, күндіз екпіні 25 м/с күтіледі.