Қазақстанның кей жерлерінде бұршақ жаууы мүмкін

Қазақстанның кей жерлерінде бұршақ жаууы мүмкін
obltv.ru

Бүгін еліміздің басым бөлігінде күн ашық болады.

Кей жерлерде жел күшейіп, шығыста және оңтүстікте бұршақ жаууы мүмкін. Солтүстік-шығыста және орталықта түнгі уақыттарда тұман түседі, ал оңтүстікте шаңды дауыл күтіледі. Сондай-ақ оңтүстік пен солтүстік-шығыстың таулы аудандарында найзағай жарқылдап, жаңбыр жауады. Еліміздің кей жерлерінде жел күшейіп, Шығыс Қазақстан облысында бұршақ жауады күтілуде. Ақтөбе, Маңғыстау, Қостанай облыстарының оңтүстігінде аптап ыстық болады.