Instagram қолданушыларды туған күндерін көрсетуге міндеттейді

Instagram қолданушыларды туған күндерін көрсетуге міндеттейді
wi-fi.ru

Инстаграм қолданушылары қызметті одан әрі пайдалану үшін туған күнін көрсетуді сұрайтын хабарлама алады, деп хабарлайды «Хабар 24» wi-fi.ru сілтеме жасап.

Бұл талап жарнамаларды жекелендіруді жақсартуға және 18 жасқа дейінгі балаларды қорғауға мүмкіндіктер жасауға тиіс.

Бұл қызмет қосымшаны іске қосқан кезде және ересектерге арналған ақпараты бар хабарламаларды ашқанда туған күнін сұрайды, яғни пайдаланушы экрандарында тиісті хабарламалар пайда болады.

Компания адамдар туған күнін қате көрсетуі мүмкін екенін түсінеді. Бұл үшін әзірлеушілер жасанды интеллект көмегімен ақпаратты тексереді.

Қазіргі уақытта 16 жасқа толмаған пайдаланушылардың есептік жазбалары автоматты түрде жабылады. Сонымен қатар Instagram ересектерге 18 жасқа толмаған балаларға жеке хабарлама жіберуге рұқсат бермейді.