Қазақстанның 10 облысы мен астанада ауа райы туралы ескерту жарияланды

Қазақстанның 10 облысы мен астанада ауа райы туралы ескерту жарияланды
blogspot.com

Түнде 10 қыркүйекте Қарағанды облысының солтүстігінде топырақ бетінде 2 градус үсік сақталады. Күндіз облыстың солтүстігінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде және орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың батысында төтенше өрт қаупі сақталады. Қарағанды қ: күндіз 10 қыркүйекте оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 18 м/с күтіледі. Жезқазған қ: күндіз 10 қыркүйекте оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 18 м/с күтіледі.

Таңертең және күндіз 10 қыркүйекте Жамбыл облысының таулы және тау бөктерлі аудандарында қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі.

Күндіз 10 қыркүйекте Атырау облысының солтүстігінде жел оңтүстік-батыс, батыстан соғады, күші 15-20 м/с.

10 қыркүйекте Қостанай облысының солтүстік-батысында, солтүстігінде найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, күндіз облыстың оңтүстік-шығысында 23-28 м/с. Қостанай қ.: 10 қыркүйекте найзағай күтіледі. Оңтүстік-батысында, батысында жел соғады, күші 15-20 м/с.

10 қыркүйекте Түркістан облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. Найзағай кезінде солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Нұр-Сұлтан қ.: күндіз 10 қыркүйекте найзағай күтіледі, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

10 қыркүйекте Ақмола облысының түнде солтүстік-батысында, батысында, күндіз басым бөлігінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстік-батысында, батысында күші 15-20 м/с, күндіз басым бөлігінде 15-20 м/с, облыстың солтүстігінде, оңтүстік-шығысында екпіні 25 м/с күтіледі. Көкшетау қ.: таңертең және күндіз 10 қыркүйекте найзағай күтіледі, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

10 қыркүйекте Ақтөбе облысында солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстік-шығысында 15-20 м/с күтіледі. Ақтөбе қ.: 10 қыркүйекте солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15 м/с күтіледі.

10 қыркүйекте Батыс Қазақстан облысында жел солтүстік-батыстан, батыстан соғады, күндіз облыстың оңтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с.

Күндіз 10 қыркүйекте Павлодар облысының батысында, солтүстік-батысында найзағай, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с, облыстың батысында 25 м/с күтіледі. Павлодар қаласы: күндіз 10 қыркүйекте оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Түнде 10 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысының солтүстік, солтүстік-шығысында тұман күтіледі. Облыстың батысында, солтүстік-шығысында 2 градус үсік күтіледі.

Қазгидромет