Елімізде ауа температурасы 23 градусқа дейін көтеріледі

Елімізде ауа температурасы 23 градусқа дейін көтеріледі
1ZOOM

Ауқымды антициклон Қазақстан аумағына өз ықпалын тигізуін жалғастыруда – бүкіл республика бойынша құрғақ, жылы ауа райы қалыптасады.

Елдің батыс бөлігінде ғана, циклон шұңқырының әсерінен жаңбыр жауады деп болжануда. Еліміздің батысы мен оңтүстігінде болса желдің күшеюі, шаңды дауыл болады деп күтілуде. Күндіз республиканың батысында, солтүстік-батысында ауа температурасының негізгі фоны 12....22 жылуды, республиканың солтүстігінде, шығысында және орталығында 13...20 жылулықты, елдің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында 13....23 жылуды құрайды.