Еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды
photoclub.by

Батыс Қазақстан облысында батысында тұман күтіледі.

Жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың оңтүстік-батысында желдің екпіні ­– 15-20 м/с.

Қызылорда облысының солтүстігінде және орталығында батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с шаңды дауылмен күтіледі.

Маңғыстау облысының басым бөлігінде жаңбыр күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде 15-20 м/с күтіледі.

Ақтау қ.: 20 қазанда солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Түркістан облысының таулы аудандарында оңтүстік-батыстан 15-20 м/с желдің күшеюі күтіледі.

Ақтөбе облысында оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.