Алдағы жексенбі еліміздің біраз аймағында ескерту жарияланды

Алдағы жексенбі еліміздің біраз аймағында ескерту жарияланды
SN.kz

28 қарашада Шымкент пен сегіз облыста ескерту жарияланды, деп хабарлайды «Хабар 24». Қазгидрометке сілтеме жасап.

Түнде Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан жел соғады, жел екіпін секундына 15-20 метр болады деп күтіледі. Көкшетауда түнде оңтүстік-батыстан жел соғады.

28-30 қарашада Жамбыл облысының таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман күтіледі. Тәулік бойы 28, түнде 29 қарашада солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында және таулы аудандарында секундына 15-20 метр, екпіні секундына 23-28 метр болады.

Күндіз Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстік-батысында көктайғақ күтіледі. Облыстың шығысында тұман. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстік-батысында екпіні секундына 15-20 метр болады. Оралда күндіз көктайғақ күтіледі.

Күндіз Қарағанды облысының оңтүстігінде шығыстан жел соғады, екпіні секундына 15-20 метр болады деп күтіледі.

Қызылорда облысының орталығында жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, желдің екіпін секундына 15-20 метр болады.

Түнде Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында секундына 15-20 метр болады.

Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде күші секундына 15-20 метр болады деп күтіледі.

Түнде және таңертең Түркістан облысының таулы, тау бөктерлі аудандарында тұман сақталады. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, таулы аудандарында күші секундына 15-20 метр болады.

Шымкентте түнде және таңертең тұман сақталады.