Еліміздің кей өңірлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады

Еліміздің кей өңірлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады

Синоптиктер еліміздің сегіз облысында ескерту жариялады, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Қазгидромет мамандары Ақтөбе, Қарағанды, Ақмола және Қызылорда аймағында қою тұман түсіп, көктайғақ болады деп болжайды. Қостанайда жаяу бұрқасын соғады. Ал Солтүстік Қазақстан мен Түркістан облысының таулы аймақтарында желдің жылдамдығы секундына 20 метрге дейін күшейеді. Қазір Нұр-Сұлтан қаласын қалың тұман тұмшалап тұр.