Еліміздің сегіз өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Еліміздің сегіз өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Aqmola News

«Қазгидромет» РМК ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады, деп хабарлайды Хабар 24.

16-18 желтоқсанда Жамбыл облысының солтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман түседі. Таразда да 16-17 желтоқсанда тұман.

16 желтоқсанда Маңғыстау облысының орталығында шаңды дауыл көтеріледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында және орталығында екпіні 15-20 м/с жетеді. Ақтауда бұл күні оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде және таңертең екпіні 15-20 м/с.

Қызылорда облысының оңтүстігінде тұман түседі.  Ал Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы, тау бөктерлі аудандарында тұман күтіледі. Шымкентте де, Түркістанда да ертең түнде тұман түседі.

Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан жел соғады, жылдамдығы 15-20 м/с. Көкшетауда осы күні оңтүстік-батыстан жел соғады екпіні 15 м/с.

Ертең Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман түседі. Оралда да  желтоқсанда түнде және таңертең тұман түсуі күтіледі.

Күндіз бұл күні Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында екпіні 15-20 м/с.

Сондай-ақ ертең Павлодар облысының оңтүстігінде, батысында жаяу борасын болуы ықтимал. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, өңірдің оңтүстігінде, батысында жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.