ҚТЖ пойыздың кешігетіні туралы SMS-хабарлама сервисін іске қосты

ҚТЖ пойыздың кешігетіні туралы SMS-хабарлама сервисін іске қосты

«Жолаушылар тасымалы» АҚ 2021 жылдың желтоқсан айынан бастап пойыздардың екі сағаттан астам кешігуі туралы SMS-хабарландыру жүйесін іске қосылғанын хабарлайды. 

Хабарламалар BILET.RAILWAYS.KZ сайтына тіркелген пайдаланушыларына және кассаларда билет сатып алу кезінде өздерінің байланыс деректерін қалдырған жолаушыларға түседі. 

Жолаушылардан жол жүру құжаттарын (билеттерді) ресімдеу кезінде өздерінің дұрыс байланыс мәліметтерін көрсетуді және оларды үнемі жаңартып отыруды сұраймыз. 

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі