Елімізде алдағы үш тәулікте ауа райы құбылмалы болады

Елімізде алдағы үш тәулікте ауа райы құбылмалы болады
Хабар 24

21-23 желтоқсан кезеңінде Қазақстанға Солтүстік-Батыс циклоны мен атмосфералық фронтальды бөлімдер әсер етеді, яғни күн райы құбылмалы болады, деп хабарлайды Хабар 24.

«Қазргидрометтің» мәліметінше, еліміздің кей өңірлерінде жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын болады. Ал оңтүстікте негізінен жаңбыр жауады. Республика бойынша тұман, көктайғақ, сондай-ақ 15-25 м/с дейінгі екпінді жел болып, солтүстік аймақта бұрқасын күтіледі. 23 желтоқсанда Қара теңіз аймағынан антициклон болып, ауа температурасы төмендейді. Батыста түнде -8-23 аяз, күндіз  -5-15 градус аяз, солтүстікте, шығыста және орталықта түнде -5-15 градусқа дейін аяз болса, күндіз ауаның температурасы 0-8 градусқа төмендейді. Оңтүстік және оңтүстік-шығыс аудандарда түнде 5 градус төмендеп, күндіз күн 10 градусқа дейін жылынады.