Кассалық аппараттар мен POS-терминалдар жұмысы біріктіріледі

Кассалық аппараттар мен POS-терминалдар жұмысы біріктіріледі

Келесі жылдан бастап елімізде кассалық аппараттар мен POS-терминалдар бір жүйеде жұмыс істейді. Әзірге бұл қанатқақты жоба аясында іске аспақ.

Қаржы министрі хабарлауынша, операцияларды біріздендіру арқылы қызмет көрсетуге жұмсалатын уақытты үнемдеуге болады. Яғни бұл саудагер мен сатып алушыға бірдей тиімді. Сондай-ақ саудагерлер фискалды түбіртек үшін жеке операция жасамаса да болады. Осылайша сатушы кассадағы үш аппараттың орнына тек біреуімен жұмыс істейтіндей жағдайға жетеді. Қаржы министрі атап өткендей, қазіргі таңда ведомство тиісті заңнамаға өзгерістер енгізу үшін банк қауымдастығымен келіссөздер жүргізіп жатыр.