Сегіз облыста ауа райы туралы ескерту жарияланды

Сегіз облыста ауа райы туралы ескерту жарияланды

Төтенше жағдайлар министрлігі ауа райының бұзылуына байланысты ел тұрғындарына ескерту жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

5 қаңтарда Атырау облысының солтүстігінде, шығысында және орталығында тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстік-батысында желдің күші - 15-20 м/с.

5 қаңтарда Маңғыстау облысының басым бөлігінде және Ақтау қаласында тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында екпіні 15-20 м/с жетеді. Ақтауда 5 қаңтар түнде тұман түсіп, көктайғақ болады. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз қарқыны 15-18 м/с дейін күшейеді.

5 қаңтарда Павлодар облысында жолдарда көктайғақ, түнде облыстың оңтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі. Павлодарда 5 қаңтар жолдарда көктайғақ болады.

5 қаңтарда Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде - тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын. Жел солтүстік-шығыстан соғады, түнде облыстың оңтүстігінде екпіні - 15-20 м/с. Орал қаласында 5 қаңтар түнде жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Түнде және таңертең тұман.

5 қаңтар түнде және таңертең Түркістан облысының басым бөлігінде және облыс орталығында тұман түседі. Осы күні Шымкент қаласында түнде және таңертең тұман түседі.

5 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында қалың қар жауады. Облыстың батысында, солтүстігінде көктайғақ, жаяу бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.

5 қаңтарда Қостанай облысының оңтүстігінде, батысында жаяу бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, жел жылдамдығы - күндіз облыстың оңтүстігінде, батысында 15-20 м/с.

5 қаңтарда Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында және Қарағанды қаласында жаяу бұрқасын соғады.