Елдегі террорлық қауіптіліктің деңгейлері нені білдіреді

Елдегі террорлық қауіптіліктің деңгейлері нені білдіреді
РИА Новости

Елдегі террорлық қауіптілік кезінде оның үш деңгейі енгізіледі: сары-қызғылт сары және қызыл.

Енді осы террорлық қауіптілік деңгейлеріне тоқталып өтсек.

«Сары» – растауды талап ететін лаңкестік әрекет жасалу мүмкіндігі туралы ақпарат болған жағдайда, «Қызғылт сары» – лаңкестік әрекет жасалу мүмкіндігі туралы расталған ақпарат бар жағдайда, «Қызыл» – лаңкестік әрекет жасалғандығы туралы ақпарат және оның қайталануы мүмкін екендігін растайтын мәлімет болғанда,

Ал лаңкестік қауіптіліктің «қызыл» деңгейінде қабылданатын шаралар: 

- адамдарды құтқару мен мүлікті қорғау бойынша шұғыл шаралар қабылдау

- мемлекеттік денсаулық сақтау мекемелерін төтенше жағдай режиміне көшіру

- көшірілген адамдарды уақытша орналастыру бекеттерін құру

- құтқару қызметтерінің үздіксіз жұмысына жағдай жасау.

Айта кетейік, қазір Қазақстан бойынша террорлық қауіптіліктің «қызыл» деңгейі жарияланған.

Президент елдегі жағдайға байланысты бірқатар тапсырма берді.

Бұған дейін үкімет отставкаға кеткен болатын. Премьер-министрдің қызметін уақытша Әлихан Смайылов атқарады. Ерлан Қарин Мемлекеттік хатшы болып тағайындалды. Ал Алматы мен Маңғыстау облысында төтенше жағдай режимі енгізілді. Жалпы бұған дейін Қазақстанда төтенше жағдай неше рет жарияланды. Төтенше жағдай кезінде нені білу керек.

Бұған дейін айтылғандай, газ бағасын арнайы комиссия реттейді. Ал Сенат төрағасы наразылық шарасы диалог негізінде шешілу керектігін айтқан. Сондай-ақ газ бағасының көтерілуіне қатысты тергеу жүріп жатыр.

Осы тақырып бойынша өзге тақырыптар:

Ел неге толқыды

Маңғыстау облысында газ бағасы 50 теңге болды

Ақтөбеде газ бағасы 50 теңгеге түсті

Тоқаев елдегі жағдайға байланысты мәлімдеме жасады

Маңғыстау облысының әкімі наразылық білдірген жаңаөзендіктермен кездесті