Қазақстанның төрт облысы мен елордада дауылды ескерту жарияланды

Қазақстанның төрт облысы мен елордада дауылды ескерту жарияланды
obltv.ru

Ауа райының бұзылуына байланысты Қазақстанның төрт облысы мен елордада дауылды ескерту жарияланды.

Қазгидрометтің хабарлауынша, Маңғыстау, Ақмола және Қызылорда облыстарын тұман басады. Ал Батыс Қазақстан облысында тұманнан бөлек, көктайғақ, бұрқасын және күшті жел соғады. Осыған байланысты синоптиктер тұрғындарды алыс жолға шықпай, сақтық шараларын қаперде ұстауға шақырады.