Еліміздің бірнеше өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Еліміздің бірнеше өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Хабар 24

Синоптиктер 7 ақпан күні еліміздің біраз аймағында көктайғақ, тұман болатынын ескертеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

7 ақпанда түнде Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде, күндіз басым бөлігінде жаяу бұрқасын соғады. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың оңтүстік-батысында желдің екпіні 15-20 м/с болады.

Ал Алматыда бұл күні тұман түсіп, көктайғақ болады. Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде және шығысында тұман түсіп, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, солтүстік-шығысында екпіні 17-22 м/с. Талдықорғанда да тұман түсіп, көктайғақ болады. Түркістан облысының тауларында 7 ақпанда түнде және таңертең қар аралас жаңбыр жауады. Облыстың солтүстігінде, батысында тұман түсіп, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында және таулы, тау бөктерлі аудандарда желдің жылдамдығы секундына күші 15-20 метрге жетеді, түнде және таңертең желдің екпіні 23 м/с болады. Шымкентте бұл күні оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Түркістанда тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде және таңертең екпіні 15-20 м/с. Қарағанды облысының түнде батысында, оңтүстігінде, орталығында, күндіз батысында, солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын соғады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, орталығында екпіні 15-20 м/с болады. Қарағандыда 7 ақпан күні күндіз жаяу бұрқасын соғады. Жезқазғанда түнде жаяу бұрқасын соғады.

Маңғыстау облысының батысында, солтүстік-шығысында көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Ақтауда осы күні көктайғақ болады. Ақтөбе облысының оңтүстік-шығысында, солтүстік-батысында және орталығында жаяу бұрқасын соғады. Облыстың солтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-шығысында және орталығында екпіні 17 м/с. Ақтөбеде жаяу бұрқасын болады. Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде күндіз жаяу бұрқасын соғады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында екпіні 17-22 м/с болады. Батыс Қазақстан облысының шығысында көктайғақ болып, солтүстігінде тұман түседі. Оралда түнде және таңертең тұман түседі. Қызылорда облысының солтүстігінде түнде шығысында көктайғақ, бұрқасын болады. Тәулік бойы облыстың солтүстігінде және орталығында тұман түседі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, орталығында күші 15-20 м/с болады. Қызылордада 7 ақпанда кей уақытта тұман түседі. Қостанай облысының оңтүстігінде және батысында жаяу бұрқасын соғады. Облыстың шығысында тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші облыстың оңтүстігінде және батысында 15-20 м/с.