Тұман, көктайғақ: ауа райына байланысты бірқатар өңірде ескерту жарияланды

Тұман, көктайғақ: ауа райына байланысты бірқатар өңірде ескерту жарияланды
otyrar.kz

9 ақпанда еліміздің бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды.

Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарда тұман күтіледі.

Шымкент қ.:  түнде және таңертең тұман күтіледі.

Түркістан қ.: түнде және таңертең тұман күтіледі.

Қызылорда облысының солтүстігінде және орталығында тұман күтіледі.

Қызылорда қ.: кей уақытта тұман күтіледі.

Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында, батысында жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде, екпіні – 15-20 м/с.

Орал қ.: түнде және таңертең тұман күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз екпіні – 18 м/с.

Ақтөбе облысының солтүстігінде және оңтүстік-шығысында тұман күтіледі.

Ақтөбе қ.: тұман күтіледі.