Мереке күндері ауа райы құбылмалы болады

Мерекелік демалыс күндері Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады.

Синоптиктердің болжауынша, солтүстік және шығыс өңірлерде боран тұрып, қар жауады. Ал оңтүстік аймақтарда күн жауынды болады. Мамандар тұман түсіп, желдің күшейетінін ескертіп отыр. Әзірге Самара-Шымкент, Жезқазған-Петропавл, Екатеринбург-Алматы, Нұр-Сұлтан-Петропавл аумақтарында жолдар жабық. Қазавтожол өкілдері де жүргізушілер мен жолаушыларға сақ болуды ескертеді. Жолда қалып қойған жандар болса 1403 жедел номеріне хабарласуы керек.