Алматыда дауылды ескерту жарияланды    

Алматыда дауылды ескерту жарияланды    

«Қазгидромет» мамандары Алматыда дауылды ескерту жасады.

Ертең мегаполисте жаңбыр жауып, қар түсіп, тұман басуы мүмкін. Таулы аймақта қар көшкіні қаупі бар. Төтенше жағдай департаменті тұрғындарды жолда абай болуға шақырады. Құтқарушылар көлік жүргізушілерін темір тұлпарды ағаштың, электр желілерінің және басқа да қауіпті жерлердің маңына қоймауды сұрайды.