Биыл пітір мөлшері 500 теңге болып белгіленді

Биыл пітір мөлшері 500 теңге болып белгіленді
muftyat.kz

 Бұл туралы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төралқа мәжілісінде айтылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

– Пітір садақаның мөлшері еліміз бойынша 2 келі ұнның орташа бағасымен есептелді. Ал ұнның бағасы ҚМДБ-ның қала және облыс өкілдіктерінің берген мәліметі негізінде анықталды, - деді наиб мүфти, Шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі Сансызбай Құрбанұлы.