Шілденің басында күн күрт суытады

Шілденің басында күн күрт суытады
35PHOTO

Атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты Қазақстан аумағында күн күркіреп, жаңбыр жауады.

1 шілде күні шығыста, 2 шілдеде республиканың батысында қатты жаңбыр жауады, сондай-ақ бұршақ, дауыл, желдің күшеюі күтіледі. Солтүстік-батыс антициклонның сілемімен, еліміздің басым бөлігінде ауа температурасының төмендеуі және салқын ауа райы болажанады.