Қарақалпақстанда қалып қойған қазақстандықтар үшін жедел штаб құрылды

Қарақалпақстанда қалып қойған қазақстандықтар үшін жедел штаб құрылды

Қарақалпақстанда төтенше жағдай режимінің жариялануына байланысты елден шыға алмай қалған қазақстандықтар үшін жедел штаб құрылды, деп хабарлады Өзбекстан ІІМ Telegram каналы.

Ведомство мәліметінше, қазақстандықтар мына телефон номерлеріне хабарласа алады: +9989 61 2248206, +998993858644.

Байланыс желісі 7 күн бойы 24 сағат жұмыс істейді.

Келесі мекен-жайда орналасқан штабқа баруға да болады:

Нүкіс қаласы, Пушкин көшесі, 22А.

Қарақалпақстандағы төтенше жағдай режимі 3 шілдеде басталды, 2 тамызға дейін жалғасады. Бұған дейін Өзбекстан мен Қазақстан шекарасындағы «Даут-ата» - «Тәжен» пунктінде адамдарды, көлік құралдары мен жүктерді өткізу уақытша тоқтатылғаны хабарланған болатын. Осыған байланысты 80-ге жуық қазақстандық бірнеше күн бойы Өзбекстаннан шыға алмай жатыр.