Еліміздің жеті облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды – Қазгидромет

Еліміздің жеті облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды – Қазгидромет

Еліміздің бірқатар өңірінде жаңбыр жауып, қатты жел тұрып, тұман түсуі ықтимал, деп хабарлайды «Қазгидромет»РМК.

Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде және таулы аудандарында солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 17-22 м/с.

Түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде тұман түседі деп күтіледі. Орал қаласында түнде және таңертең тұман түсуі ықтимал.

Түнде және таңертең Ақтөбе облысының солтүстігінде тұман түседі деп күтіледі. 

Түнде Павлодар облысының солтүстігінде тұман түседі деп күтіледі, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Күндіз Түркістан облысының тауларында нөсер жаңбыр жауады. Солтүстікте, облыстың таулы аудандарында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.

Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында солтүстік-батыстан екпіні 15-20 м/с жел соғады, күндіз Петропавлда солтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады деп күтіледі.

Жетісу облысының Алакөл ауданында шығыстан соққан желдің екпіні 15-20, кей тұста желдің екпіні23-28 м/с дейін жетеді.