Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Синоптиктердің болжамынша, Шығыс Қазақстан және Абай облыстарында боран соғады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Маңғыстау, Атырау, Алматы, Ақтөбе, Жамбыл және Түркістанда қатты жел тұрады. Оның екпіні секундына 28 метрге дейін жетеді. Мамандардың айтуынша, елдің кей аймақтарында ауа температурасы минус 35 градусқа дейін барады.