Күн суыта түседі

Күн суыта түседі

Әбігер бұдан бұрын басталғанмен, қыс енді келді. Қазгидрометтің мәлімдеуінше желтоқсан айында ауа темепратурасы төмендей береді.

Алдағы күндері арқа өңірі мен солтүстікте күндіз күннің көзі жібігенмен,  түнде 25-33 градусқа дейін аяз болады. Ал Шығыста 37 градусқа дейін төмендейді. Ол аздай елдің басым бөлігінде қар жауып, бұрқасын соғады. Желдің екпіні секундына 25 метрге жетеді. Оңтүстікте аса суық болмағанмен таулы аудандарда тұман түсіп, қар қалың жауады.